Қазақстанның бірнеше облысы бойынша пойыздардың жүру жиілігі қысқарады
Қазақстанның бірнеше облысы бойынша пойыздардың жүру жиілігі қысқарады
154
оқылды
Қазақстанның бірнеше облысы бойынша пойыздардың жүру жиілігі қысқарды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары бойынша «COVID-19» коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомство аралық коммиссия шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады: 1) Ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап №705/706 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы күн ара қатынайтын болса, №31/32 «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайтын болады. 2) Кейбір облыстарда барлық стансаларға билеттер сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады: a) Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы стансаларынан, 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курорттарын қоспағанда; b) Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларын қоспағанда; c) Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларын қоспағанда; d) Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансалар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушылар пойыздарының қозғалысына тыйым салынады. Сонымен қатар № 68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» жолаушылар пойызының аптасына бір рет жол жүру мерзімі және № 351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күн ара қатынауы ұзартылды. Петропавл стансасынан жолаушылар тасымалының пойызымен шығу үшін нәтиже берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижелі COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы қажет. Covid-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болмаса жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді, сондай-ақ теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар мен шығарып салушыларға кіруге тыйым салынады. Петропавлдан жолаушылар пойыздарында қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін ұйымдастыру көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) тоқтатылған пойыздар мен тыйым салынған тұрақтарға ресімдеген, сондай-ақ COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені не оның жарамсыздығы туралы анықтамасы болмаған жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтарып және ақшалай қаражаттарын толық көлемде қайтарып алады. Билеттерді қайтару жолаушыларды тасымалдау ережесінде көзделген мерзімде билетте көрсетілген стансадан пойыз жөнелтілген сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне қарай қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
«Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады. Жолаушылардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларын сұраймыз»,-делінген хабарламада.