Маңғыстауда екі отбасы газдан уланып, 9 адам ауруханаға түсті
Маңғыстауда екі отбасы газдан уланып, 9 адам ауруханаға түсті
144
оқылды
Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 9 адам газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Департамент бастығының орынбасары Мұрат Мұхановтың мәліметінше, оқыс оқиға кеше кешкісін болған. Екі бөлмелі жер үйде тұратын отбасыға ағасы бала-шағасымен қонаққа келеді. Тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданған. Екі отбасы бала-шағасымен кешкі ас ішіп отырғанда кезекпен әлсіреп, құлай бастайды. Ересектердің бірі әзер орнынан тұрып, сыртқы есікті ашып, жедел-жәрдем шақырады. Зардап шеккендердің барлығы аман қалды.
«Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Уақытша баспанада газ жылытқышының ақауынан газ тарай бастаған. Осы мекенжайда департамент қызметкерлері 29 тамыз күні және 17 қараша күндері өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізген», - деді М.Мұханов.
Ересектер облыстық ауруханаға, ал балалар Ақтаудағы балалар ауруханасына жеткізіледі. 8 баланың 4-уі қазір үйлеріне жіберілді. Ал үйдің иесі мен 4 бала ауруханада ем алуда.
«Әлсіздік, сотурацияның аздап төмендеуі сияқты клиникалық белгілері бар балалар ауруханаға жатқызылды. 2011 жылғы бала ең үлкені, 7 жастағы бала, 2 жастағы бала және 10 айлық бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы, тыныс алу жиіліктері қалыпты. Сотурациясы көтерілді. Инфузиондық ем алды. Енді олардан анализ алынып, нәтиесіебйланысты емін жалғастырады», - деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Гүлжан Ермекбаева.