Ауа райы қандай болады?
Ауа райы қандай болады?
159
оқылды

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады. Желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады. Тек оңтүстік-шығыста антициклон ықпалынан жауын-шашын болмайды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын болады. Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында жел екпіні - 15-20 м/с. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарында тұман түседі.