Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» деректеріне сүйеніп, Қазақстанның 12 облысында дабылды ескерту жариялады.
10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады.
10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді.
10 қарашада Атырау облысында тұман түседі.
10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
10 қарашада Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
10 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Ведомствоның хабарлауынша, жауын-шашынның түсуіне және жердің қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Министрлік жүргізушілер мен азаматтарды сақ болуға шақырды.