Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істейтін болды
Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істейтін болды
235
оқылды
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин сауда, ойын-сауық орталықтары жексенбі күндері де жұмыс істейтінін айтты.
«Қазір Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы регламенттелмейді. Егер бұған дейін олар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемесе, енді оларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бірақ сауда орталықтарының жұмысы 1 сағатқа қысқарды», - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес енді сауда, ойын-сауық орталықтары келушілер саны 30%-дан аспаса, 1 келушіге 4 шаршы метр аумақ қарастырылған жағдайда түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Осы орталықтарда жекелеген алаңдарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындары да сол уақытқа дейін ашық болады.