Байқоңырда туған қызын зорлаған педофил сотталды
Байқоңырда туған қызын зорлаған педофил сотталды
123
оқылды

Оқиға былтыр жазда болған. Ер адам туған қызына зорлық көрсеткен.

Оқиғаға байланысты тергеуді Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары қатар жүргізді. Нәтижесінде, нақты дәлелдер жинақталды. Аталған іс сотқа жіберілді.

«Айыпталушы қылмыс орнында қамауға алынды. Дегенмен сот процесі кезінде қыздың анасы өзінің бастапқы берген айғақтарын өзгертуге тырысты. Ол бұрынғы күйеуін қорғауға тырысып бақты. Ерлі-зайыптылар оқиға болғанға дейін ажырасып кеткен. Сот отырысы бір жылдан астам уақытқа созылды. Сот барысында дәлелдер беру, куәгерлерді шақыруға назар аударылды. Барлық дәлелдемені мұқият және объективті зерттеген Қызылорда облысы мамандандырылған сотының үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді», – деп мәлімдеді Байқоңыр қалалық прокуратурасы.