Синоптиктер 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде алдағы күндері жауын жауады.
"Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, оңтүстік және шығыс бөліктерде кей жерлерде қатты болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.