СІМ Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады
СІМ Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады
151
оқылды
Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан президентінің, Армения премьер-министрінің және Ресей президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
«Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатынына үміттенеміз», - делінген ведомсвто мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, үш ел басшылары қол қойған мәлімдемеден кейін Арменияда тәртіпсіздік басталды. Ереванда наразылық білдірушілер үкімет үйіне басып кірді.