7 өңірде ескерту жарияланды
7 өңірде ескерту жарияланды
5,184
оқылды
Қазақстанның 7 облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК. 12 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады. Күндіз 12 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі. 12-13 қарашада кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Қарағанды қаласында 12 қарашада көктайғақ, бұрқасын, тұман болады, күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады: екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 12 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Семей қаласында 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. 12 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болмақ. 12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. 12 қарашада Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 12 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді. Орал қаласында 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.