Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын!
Бақ қонып, құт дарыған киелі Жетісу жұртшылығының жалынды сәлемін қабыл алыңыздар!
Мен – мемлекеттік қызметкермін.
Алтын бесігіміз ауылда тұрғандықтан, әртүрлі сұрақтармен келген қандастарымыздың мәселесін ешбір қиындықсыз түсініп, бірден көмектесуге тырысамын.
Қазақ тілін білгендіктен, ашық-жарқын әңгімелесіп, еркін пікір алмасамыз.
Кіндік қаным тамған туған жерімнің әр төбесін, елдің салт-дәстүрін, тарихын жақсы білемін.
Қазақстанда 1847 жылы құрылған ауылдар көп емес, олардың бірі біздің Қапал.
Бір қызығы, ХІХ ғасырда әлем қазақ даласының кеңдігі туралы Капалдың арқасында білді.
Дәл осы жерде әйгілі ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон бір жыл өмір сүрді.
Мұнда оның «Алатау-Тамшыбұлақ» атты ұлы дүниеге келді.
Тарихи тұрғыдан алғанда, Қапал Қазақстан тарихында үлкен рөл атқарды.
Бүгінде ол туристік және аграрлық орталық ретінде қайта түлеп, дамып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы!
Барлық облыстарда және аудандарда жол салу мәселесіне баса мән беріп, өңірлерді инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту жөніндегі тапсырмаңыз біздің Қапалда толығымен орындалғанын қуана жеткіземін.
Біздің ауылда 9 көшеге 630 миллион теңгеге асфальт төселді, ал орта мектепке 8 миллион теңгеге жаңа спорт алаңы салынды.
Бұл үшін Сізге ауылдастарымның атынан көп рахмет!
Бүгін бүкіл Қазақстанның ауыл тұрғындары Сіздің «Ауыл – Ел бесігі» жобаңызға үлкен үмітпен қарайды!
Бұл шамамен 8 миллион азамат және 6 мыңнан астам ауыл.
Бұл жоба ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық деңгейін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді.
Ал жастар қазақ құндылықтары мен тілінің алтын бесігі – ауылда тұруға қосымша мүмкіндік алады.
Президент мырза!
Сіз қоғамдық келісімді сақтап, татулығымызды арттыруда мемлекеттік тілдің рөліне айрықша мән беру қажеттігін айтқан болатынсыз.
Осы тұста этносаралық бірлікті сақтауда мемлекеттік тілді білу аса маңызды деп ойлаймын.
Кейбір тиіскісі келіп тұратын бұзықтау жігіттерге «Бауырым, тыныштық па?» деп жауап берсем, олар бірден өз райларынан қайтып қалады.
Осы сәтті пайдаланып, барлық замандастарымды, бүкіл Отандастарымызды татулығымызды бағалауға және бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.
Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
ЧЕПЕЛЬ Владимир Сергеевич,
Ақсу ауданы, Қапал ауылдық
округі әкімі аппаратының бас маманы