«Жеке ұшақ, яхта, қымбат көлік, дүние-мүлік...» ­– Қазақстанда енді байлыққа салық сала ма?
«Жеке ұшақ, яхта, қымбат көлік, дүние-мүлік...» ­– Қазақстанда енді байлыққа салық сала ма?
220
оқылды

«Бүгінде байлыққа арнайы салық енгізу ­­– өте өзекті мәселе. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біз елдегі бай және кедей топтар арасындағы алшақтық едәуір артқанына куә болдық. Мұнда сәнді тауарларға, мысалы, яхталар, ұшақтар, қымбат жылжымайтын мүліктер, қымбат автомобильдер, зергерлік бұйымдарға салық салу туралы айтылады. Байлыққа салық енгізу Қазақстанда салық салудың әділ жүйесін құра алады деп санаймын», ­– деді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Бұл мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда мұндай салық енгізу жоспары қарастырылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта салық салуда әділ принциптер қарастырылған, ал байлыққа салық салу – тиімді тәсілдердің бірі. Мүліктің құны жоғары болса, онда, әрине, cалық көп болады. Көлік салығы бойынша да осындай айырмашылық бар, ол 8 мыңнан 600 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ, алкоголь, темекі, акциздерге қосымша салықтар алынады, ­– деді министр.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін "Көлік салығы керек пе?" деп жазған болатынбыз.