Елордада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Елордада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
207
оқылды
14 және 15 қарашадан бастап әр демалыс күндері "Аспан Базар" СҮ (Р. Қошқарбаев, 37) Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, - деп хабарлады елорданың ресми сайты.  Өңірлердің шаруа қожалықтары Нұр-Сұлтан тұрғындарына қолайлы бағамен азық-түліктің кең ассортиментін ұсынады. Мысалы, картоп пен сәбіз бағасы – 100 тг., пияз және қырыққабат – 80 тг. Ақмола облысының шаруа қожалықтары мен "Бақара" ЖШС сиыр етін 1750 кг/ теңге бағада ұсынады. Шығыс Қазақстан облысынан жылқы еті 1900 кг/тг және қой еті 1700 кг/ тг бағада әкелінеді. Бакалея өнімдерін Ақмола және Қарағанды облыстары ұсынады. Жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.