Автобус жолаушыны қағып кетті
Автобус жолаушыны қағып кетті
5,159
оқылды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиға 12 қазанда сағат 10:00-дер шамасында болған.

Атырау қаласының «Авангард» ықшамауданындағы аялдамада Ankai маркалы маршруттық автобус 60 жастағы тұрғынның аяғын басып кеткен. Автобустың 50 жастағы жүргізушісі бұрылған кезде жаяу жүргіншіні байқамай қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері жарақат алған азаматты облыстық ауруханаға жеткізді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.