Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында шашы ашық түсті қыздың аруағы пайда болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп есептейді. Ол құзыретті органдарға осы мәселені тексеруге тапсырма беретінін айтты.
«Жақсы, мен полиция қызметіне тексеруге тапсырма беремін. Бізде әрбір ауданда полиция бар, олар бәрін бақылауда ұстап отыр деп ойлаймын», — деді ол брифингте журналистерге.
Оның айтуынша, бұндай мәселе болмауы тиіс. Өйткені ол күнде таңертең құқық қорғау органдарынан халықты толғандыратын мәселелер туралы ақпарат алып отырады. Ал қыздың аруағы туралы естімеген.
«Бұл жаңалық туралы естімеппін. Менің ойымша, бұл жерде мәлімет жалған немесе біреу қалжыңдап жүр. Бізде бұндай проблема жоқ», — деді өңір әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында шашы ашық түсті қыздың аруағы пайда болғаны туралы мәлімет тарағанын жазған болатынбыз.