Қостанайдағы оң өзгерістер

Қостанайдағы оң өзгерістер

Қостанай облысында 4 мыңдай кәсіпкерлік жұмысын тоқтатқаны туралы жаңалық еңсемізді түсірген. Көп өтпей облыста «Қарапайым зат­­тар экономикасы» бағдар­ла­ма­сын іске асыруға 49 млрд теңге бө­лін­ді. «Еңбек» бағдарламасының ар­қасында өңірдегі 1 200 кәсіпкерге қол­дау көрсетілді.  Аймақта тағы қан­дай жаңалық бар? Астық өңірін­дегі ахуал қалай?

Қостанай облысындағы мұндай жаңа­лықтарды облыс әкімдігінің кәсіпкерлік жә­не индустриалды-инновациялық даму бас­қармасының басшысы Олжас Сапар­бе­ков айтқан-ды. Өңірлік коммуни­кация­лар алаңында брифинг өтіп, ай­мақта күнтәртібінде тұрған бірнеше мә­селенің басын қайырды. Олжас Сапар­бе­ковтің айтуынша, пандемия өңір эко­но­микасын айналып өтпеген. Дегенмен алға қа­дам жасауға қашанда мүмкіндік бар.

Шағын және орта бизнеске тиген соққы

Індет салдарынан отандық кәсіп­кер­ліктің ақсап қалғаны белгілі. Көптеген ша­ғын және орта бизнес субъектілері жұ­мысын тоқтатуға мәжбүр болған. Қос­танай облысында кәсіпкерлік пен биз­нес­ті қолдау аясында бірқатар шешім қа­­был­данып,  шығынға ұшыраған кәсіп ны­сандарын аяққа тұрғызуға тырысуда. «Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты бөлшек сауда саласындағы кә­сіпорындардың 48,1%-ы қиын жағ­дайға тап болды. Жылжымайтын мүлік­пен айналысатын ұйымдар мен жолау­шы­лар көлігі, қоғамдық тамақтану, со­ның ішінде мейрамханалар бизнесі біраз шығынға батты. Статистикалық мәлімет бойынша, 24 мыңнан астам ШОБ су­бъек­тісіне карантиндік шаралардың салқыны тиді. Шектеулер жалпы кәсіпкерлік сала­сына теріс әсер етті. 2020 жылғы 1 қазан­да­ғы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұр­ған ШОБ субъектілерінің саны 6,7%-ға тө­мендеді. Яғни, облыста 51 365 бизнес ны­саны жұмыс істейді. Былтыр тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 55 081-ге жет­кен еді», – дейді Олжас Сапарбеков.       Оның айтуынша, қазір кәсібін дөң­гелетіп отырғандарға барынша қолдау көр­сету үшін жұмыс жүріп жатыр. Аймақ­та карантин шектеулеріне қарамастан, кә­сіпкерлікті несиелеу кеміген жоқ. Мә­се­лен, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағ­дарламасы бойынша биыл 10 айда 32 млрд теңгеге 398 бизнес-жобаға қолдау көр­сетілген. Агроөнеркәсіптік кешен са­ла­сындағы ШОБ-қа да қолдау бар. Оған 38,4 млрд теңгеге субсидиялар мен бюд­жет­тік кредиттер берілген. Нәтижесінде, 18 600 кәсіп иесінің жұмысы алға баспақ.

192 жоба мақұлданды

Ал «Қарапайым заттар экономика­сы­на» келсек, бағдарламаның халыққа бе­ре­рі көп. Өйткені биыл өңірде бағдарлама шең­берінде 245 жоба қаралып, соның 192-сі мақұлданды. Жалпы, жобаның іске асуы­на 49 млрд теңге бөлінсе, соның 31 млрд теңгесі игерілген. Қолдаушылар құп көрген жобалар қан­дай дерсіз. Мақұлданған жобаның де­ні шағын және орта бизнес субъек­ті­ле­ріне тиесілі. Әрине, жоба талабы бойынша алдымен сақтық шарасы назарға алы­на­ды. Санитарлық-эпидемиялық талап­тар­ды сақтау міндетті. «Бұдан бөлек «Еңбек» бағдарламасы ая­сында жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге 1 200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Үкімет та­рапынан ұсынылған бизнесті қолдауға ба­ғытталған дағдарысқа қарсы шаралар па­кеті бар. Мысалы, Ұлттық банктің жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойын­ша 159 млрд теңгеге 74 кредит бе­ріл­ген. ШОБ-қа қатысты тексерулер мен профилактикалық бақылау актілерінің саны 39%-ға қысқарған» дейді өңір бас­шысы Архимед Мұхамбетов. Ұлттық банктен жоғарыдағыдай кө­мек келсе, екінші деңгейлі банктер де жағ­дайға бейжай қарамаған. Мемлекеттік бағ­дарламалардың қатысушылары са­на­латын 171 кәсіпкерлік субъектіге кредит мер­зімін кейінге қалдыруға кеңес берген. Бұл өз кезегінде онсыз да кірісі азайған кә­сіпкерге үлкен қолдау болған. Сондай-ақ коммуналды меншіктің 729 шарты бойын­ша жалдау ақысын есептеудің тоқтатылғаны тағы бар. Айта кетерлігі, 46 мың микро және шағын бизнес субъектісі салықтан босатылған. Облыстағы кәсіпкерге қолдау біл­діру­дің жаршысы деп infokazakhstan электронды порталын айтуға болады. Өйткені сайт арқылы кәсіпкер қызметін қалпына келтіре алады. Мысалы, биыл 12 қарашадағы мәліметке сүйенсек, порталға 23 477 өтінім беріле, оның 18 472-сі шешімін тапқан.

Цифрлар не дейді?

Қостанай өңіріндегі бірқатар мәселеге тоқталған соң, қорытынды деректердің басын шалмасақ жөн болмас. Қолда бар мәліметке көз жүгіртсек, 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, об­лыста өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға өскен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 19,3%-ға, ауыл шаруашылығы 11,8%-ға өскен. Не­гізгі капиталға инвестициялар – 14,9%, құрылыс жұмыстары 17,7%-ды көрсеткен. Ал тұрғын үйді пайдалануға беру 7,9%-ға жеткен, инфляция деңгейі 4,5%-ды құра­ған. Жалпы, республикадағы орташа инф­­­ляция деңгейі – 4,9%. Өңірге карантин шаралары біршама соққы берген. Жыл басынан бері «Көлік және қойма ісі» мен «сауда» секторында құлдырау байқалған. Бірақ қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мы­салы, бір ай ішінде көліктік логистика кө­лемінің өсу қарқыны жалпы аймақ бойын­ша 13,4%-ды көрсетсе, ХҚҰ үлесі – 74,4%. Бөлшек саудада, керісінше, ХҚҰ 99,1% деңгейінде белгіленген. Бұл алдың­ғы кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға жо­ғары. Өйткені қыркүйек пен тамыз айла­ры­на қатысты көлем 5,9% төмендеген. Жыл басынан бері облыстың өнеркә­сіп кәсіпорындары 1,1 трлн теңгені құ­ра­ды. Оның ішінде өңдеу секторында – 19,3%, яғни өсім – 609,9 млрд. Тек маши­на жасау саласында жыл басынан бері өн­діріс 1,5 есеге өскен. Оның қайта өң­деу­­дегі үлесі – 43,0%. Жалпақ тілмен тү­­сін­діргенде, 9 ай ішіндегі өсім – 263 млрд теңге. Аймақта автомобиль өнеркәсібі қар­қынды дамуын жалғастырып келеді. «Са­рыарқа АвтоПром» ЖШС 26, мыңнан ас­там техника шығарды. Өсім көрсеткіші 1,6 есеге өскен. 2020 жылға дейінгі жос­пар бойынша 50 мың автомобиль, оның 10 мыңы экспортқа шығарылады. Есептеу дерегі бойынша, жыл басынан бері 5 474 автомобиль экспортталды. Автобустарға келетін болсақ, 879 дана автобус жасап шы­ғарылған. Ал бұл өткен жылдың осы ара­лығымен салыстырғанда 2,1 есе көп. Қостанайдың астық өлкесі екені бар­шаға аян. Сондықтан мұнда ауыл шаруа­шылығына артылар сенім бөлек. Ай­мақ­тағы аталған сектордағы жалпы өнім кө­лемі – 330,3 млрд теңге. Мәселен, 2019 жылдың 9 айында көлем көрсеткіші 249 млрд теңге болған. Яғни, IFO – 111,8%. Биыл егін жинау науқанында 4,0 млн тон­на астық бастырылды. Оның ішінде 3,5 млн тонна бидай жиналды. Оның орта­ша өнімділігі – 10,2 ц / га. Ал өңірде 190 мың тонна майлы да­қыл­дар жиналған. Орташа өнімділігі – 4,2 ц / га. Тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Мал шаруашылығына келсек, облыста өсім бар. Мысалы, ірі қара 2,0%-ға, қой 2,0%-ға, жылқы 5,1%-ға өскен. Бірақ «Ар­қалық» құс фабрикасында жоғары па­тогенді құс тұмауының салдарынан құстар саны 0,5% азайды. Облыстағы ет өндірісінің 78,8 мың тон­на, сүт өндірісінің 374,2 мың тоннаға өсуі байқалған. Сонымен қатар өсімдік майының экспорты 3,2 есеге өссе, ұнға сұра­ныс 11% -ға артқан. Жалпы, құрылыс саласында динами­ка­лық өсім байқалады. Орындалған жұ­мыс көлемі 17,7%-ға өсіп, 100,0 млрд тең­­­­ге болды. Тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейі 107,9%-ға жетіп, аймақта 285,5 мың м2 тұр­ғын үй пайдалануға берілді. Өңір эко­номикасына 14,9% өсіммен 234,1 мил­лиард теңге инвестиция тартылды. 2019 жылдың 9 айындағы инвестиция көлемі  196,5 миллиард теңгені көрсеткен-ді. Оның 71,1%-ы (166,4 млрд теңге) мен­шікті және қарыз қаражаты болса, қалған 28,9%-ы (67,7 млрд теңге) бюджет қара­жаты еді. Ал қазір  көлік пен қойма инвес­ти­циясы 87,2%-ға өссе, құрылықа тар­тыл­ғаны – 41,9%, жылжымайтын мүлік­пен операциялар 28,6%-ды көрсетті. Өткен жылғы облыстық бюджет шы­ғыны – 267,3 млрд теңге. Яғни, бюджет 99,9%-ға игерілген. 2020 жылға арналған бюджет жоспары 408,6 млрд теңге. Ал кірістер бойынша мемлекеттік бюджеттің жос­пары 105,1% -ға (144,9 млрд теңге) орын­далып, жергілікті бюджет 5,9%-ға (75,3 млрд теңге) асып түскен.

25 ауылға ауызсу тартылады

Елімізде ауылдағы ауызсу мәселесі ке­зек күттірмеуі тиіс. БАҚ бетінде осыған қатысты талай мақала жарық көрді. Ашын­ған жұрт теледидардан мұңын айтып, шешім күтіп жүргені қаншама. Қос­танайда да тұрғындарды сапалы ауыз­сумен қамту жоспары кезең-кезеңімен орын­далып жатыр. Облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, облыста 520 ауыл бар, оның 174-і орталық­тан­дырыл­ған сумен жабдықталған. «2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде ауылдарды сумен жаб­дықтау бойынша 37 жоба іске асып жатыр. Бұған 9,6 млрд теңге бөлініп, оның 7,85 млрд теңгесі игерілді. Жыл соңы­на дейін 25 ауылды сапалы ауызсу­мен қамтимыз. Келешекте 69 ауылды са­палы ауызсумен қамтамасыз ету жос­парда бар. Жоба іске асса, ауыл халқының 82%-ы сапалы ауызсуға қосылуға мүВос­точные, Сарыкөл ауданының Златоутс ауылдары орталықтандырылған су жүйе­сіне қосылып, «өрісі» кеңіп қалғанды. Облыста білім саласын дамыту жағы да жетекші орында тұр. Қашықтан оқу кезінде кедергі болмауы үшін оқушыларға 9,5 мың компьютер алу үшін Үкіметтен қосымша қаржы бөлінген. Әрі аймақта «Әліппені» апробациялау үшін Рудный қаласында 1 пилоттық мектеп анықталған. Қостанайдағы білім ахуалы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәменованың айтқаны бар. «Қашықтан оқыту үшін сапалы жағ­дай жасауға Үкіметтен резервтен 15 мың­нан аса компьютер сатып алуға 2,4 млрд теңе бөлінген. Қазір облысқа 9,5 мың ком­пьютерлік техника жеткізілді. 15 қара­шаға дейін қалған топтама – 5 538 ноут­букты жеткізу жоспарда бар. Олар об­лыс мектептеріне толығымен үлестірі­леді. Қазір ата-аналармен онлайн байла­ныс жүйесі бірізге түсті. «Кәмелетке тол­мағандардың аутодеструктивті мінез-құлы­ғы мен оларға қатысты тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алу» бойын­ша онлайн режимде ата-аналар жиналысы өтті. Ақпараттық платформалармен жұмыс тәжірибесі оңтайланды. Әзірлеу­ші­лермен кері байланыс ретке келіп, анық­талған қателіктер дұрысталды. Өз­ге­ріс­тер енізіліп жатыр»,– дейді Зәуре Бә­менова. Қостанай облысындағы тыныс-тір­шілік сипаты осындай. Бірнеше салада да­муға даңғыл жол ашылған. Егер об­лыста жоғарыда аталған бірқатар жоба сәт­ті жүзеге асса, А.Байтұрсынов туған өл­кеде өндіріске қатысты тың жаңалық көп болмақ. Жауапты қызметкерлер сөз­ден таймай, жоспарды уақытында орын­даса, тұрғындар шын қуанары хақ.

Айбике ЖАНАСЫЛ