Ленин көшесіне Абайдың есімі берілді
Ленин көшесіне Абайдың есімі берілді
222
оқылды

Қарағандыда қазақтың ұлы ойшылы Абайдың есімі Ленин көшесіне берілді. Бүгін Қарағанды облысында Абайға арналған сегізінші ескерткіш ашылды.

– Ұлы ойшылдың шығар­ма­ла­рын құрметтеу және наси­хат­тау – біздің парызымыз. Бар­шаңыз­ды Қарағандының басты кө­шелерінің біріне Абай есімін беруі­мен құттықтаймын. Бұл үл­кен құрметтің белгісі. Абай – елі­міздің мақтанышы ғана емес, ол әлемдік деңгейдегі айтулы тұлға. Оның еңбектері әлі күнге дейін баршамыз үшін рухани азық, – дей­ді Қарағанды қала­сының әкі­мі Ермағанбет Бөлек­паев. Көшенің ашылуына Dacia ру­­мын этномәдени орталығы­ның Жастар қанатының жетек­ші­сі Александр Урмашов арнайы қатысты. – Қаламызда ұлы ойшыл Абай­­дың есімімен аталатын кө­ше­­нің пайда болғаны өте жақсы. Оның еңбегі мен үлесі бүкіл әлем­­­де мойындалған. Биыл Бу­ха­рестте Абай бюстінің ашылуы өтті. Бұл Қазақстанның ұлттық жаң­ғыруға деген ұмтылысын бү­кіл әлем қолдайтынын білдіре-ді, – дейді Александр Урмашов. Абай Қарағанды облысындағы аудан орталығы Абай қаласында ұлы ақынға  ескерткіш ашылды. Биік­тігі 10 метрге жуық ескерт­кіш мәдениет үйінің алдындағы алаңға орнатылды. Жоба авторы – Қазақстан Суретшілер Одағы­ның мүшесі Бейбіт Мұстафин. Ес­керткішті құюға 5,6 тонна қо­ла жұмсалған. Бұл аймақтағы ұлы ойшылдың құрметіне ашыл­ған сегізінші ескерткіш. Алғаш­қы мүсіндер жарты ғасыр бұрын пайда болған. – Биыл еліміз ұлы Абай Құ­нан­баевтың 175 жылдығын атап өтуде. Ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев атап өткендей, бұл ұлттың рухани дамуына және халықтың бірлігіне ықпал етеді. Біздің облыста мерейтойлық да­таға арналған жүздеген іс-ша­ра­лар өтті. Бүгін біз қазақ хал­қы­ның данышпан ұлына тағы да құр­мет көрсетудеміз. Абайдың шы­ғармашылығы және дана қа­ра сөздері бүгінгі күнге дейін өзек­ті. Біздің міндетіміз – осы бай­лықты сақтап, оны кейінгі ұр­пақ­қа жеткізу, – дейді өңір бас­шысы Жеңіс Қасымбек. Ескерткіштің ашылу сал­та­натына қала тұрғындары мен Мәжіліс депутат­тары, абай­тану­шылар қатысты. – Абай – ұлтымыздың бола­шақ­қа деген ұлы жолы, рухания­ты­мыздың алтын діңгегі. Қазақ хал­қының барлық ұлы қасиеттері Абайдың мұрасында, оның дана ойларында жатыр. Интеллек­туал­ды және білімді ұлтты қа­лып­тастыру, сананы жаңғырту – мұның бәрі Абайдың рухани мұ­ра­сының қазынасын білуге мүм­кіндік береді. Оның даналы­ғы әрбір адамның жүрегіне мейі­рім­ділік ұялатады, – деп атап өт­ті Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Аманжол Әлтаев. Бұл күні Абайда жергілікті ақын­дардың «Абай жаққан бір сәу­ле...» атты жинағының тұсау­ке­сері өтті. Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің әлемнің 18 тіліндегі «Абай жолы» роман-эпопеясы­ның дискілі жинағы ұсынылды. Кітап­тарды Шахтинск қаласы­ның орталық кітапханасымен бірлесіп цифрлаған. Абай Қарағанды облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай көрмелер, мәнерлеп оқу бай­қаулары, ғылыми-тәжіри­бе­лік конференциялар, чел­лен­дждер және басқа да іс-шара­лар өткізілді. Мерейтойға орайлас­ты­рылған спектакльдер қойыл­ды. – Мен әлемнің барлық клас­сик ақындарының шығарма­ла­рын оқыдым: Пушкин, Гете жә­не басқалар. Бірақ Абай шы­ғар­малары – бөлек шексіз шы­ғар­машылық тұңғиық. Бүгінде оның барлық шығарма­лары орыс тіліне аударылмаған. Абайды білу үшін қазақ тілін үй­рену керек», – дейді Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген өнер қай­рат­кері, халықаралық Абай клубы сыйлығының лау­реаты Серік Ақсұңқарұлы. Облыста 1 қала, 77 көше жә­не 12 мекеме Абайдың есімі­мен ата­лады.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы