Садыр Жапаровтың өкілеттігі тоқтатылды

Садыр Жапаровтың өкілеттігі тоқтатылды

Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы  баспасөз қызметінің мәлімдемесінде айтылған. «Мен ел президенті өкілеттігін доғаруды, сондай-ақ Қырғыз Республикасы премьер-министрінің лауазымдық өкілеттігін тоқтата тұруды шештім және қарапайым азамат ретінде алдағы президенттік сайлауға қатысамын», – деді Садыр Жапаров.