«Ғылыми еңбекті ұрлады» деп айыпталған вице-министр басқа жұмысқа ауысуға келісе ме?
«Ғылыми еңбекті ұрлады» деп айыпталған вице-министр басқа жұмысқа ауысуға келісе ме?
5,140
оқылды

Cенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселені қайта қозғады.

Осыдан соң Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан вице-министр Фатима Жақыпованы қызметінен босатылатынын айтты. Кеңесші Facebook-тағы жеке парақшасында: «Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», — деп жазды ол.