Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысында – тұман. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с.
Түркістан облысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.