Елімізде 986 оқушы коронавирусқа шалдыққан
Елімізде 986 оқушы коронавирусқа шалдыққан
153
оқылды
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 986 оқушының коронавирус жұқтырғанын айтты. Министрдің айтуынша, 2020 жылғы 1 қыркүйектен 16 қарашаға дейін Қазақстанда 986 оқушы КВИ жұқтырған, кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 288 жағдай тіркелді. Байланыста болған 3 122 адам анықталды, олардың 33-і індет жұқтырған.
«Онлайн оқитын оқушылар арасындағы сырқат деңгейі жоғары – 698 бала. Оқу жылының басында қалыпты режимде оқуға шектеу қойылды, соның арқасында 6 мыңнан астам баланың індет жұқтырған оқушылармен байланысын және 600 жуық коронавирус инфекциясы жағдайының алдын алдық», - деді А. Цой.