Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
155
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
«Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз Сіздің демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.