«Миллениум парк» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші үйдің терезесінен өртті шықты деп топшылап, полиция шақырған, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тұрғындар көршісінің от жағып жатқанын камераға түсірген. Олар терезеден тұтанған жалынды көріп, полицияға хабар берген.
16 қараша сағат 01.17-де 102-ге өрт турала хабарлама түседі.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Өрт болмаған. Тексеру нәтижесінде, тұрғынның адыраспан жаққаны белгілі болды. Пәтер иесіне профилактикалық шаралар түсіндірілді. Материал ауданның Төтенше жағдайлар басқармасына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді», – деп хабарлады ПД баспасөзі қызметі.