Еліміздегі барлық мектепте Жаңа жылды тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты. «Биыл коронавирустың таралуын шектеу шараларына байланысты Қазақстан оқушыларына жаңа жылдық шаралар өткізілмейді. Бұл кезекші сынып оқушыларына ғана емес, қашықтан оқитын оқушыларға қатысты тыйым», — деді брифингте ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін екінші тоқсанда мектепте оқу ережесі өзгергенін жазған болатынбыз.