Латынның соңғы нұсқасы, не болады қысқасы?
Латынның соңғы нұсқасы, не болады қысқасы?
417
оқылды

2025 жылға дейін еліміз ла­тын әліпбиіне көшуі тиіс. Ел­басының бұл жөнінде ма­ман­­дарға берген арнайы тап­сыр­­масы да бар. 2025 жыл да қыр астында. Әне-міне де­­­­генше, зулап уақыт өте шы­­­ғатыны белгілі. Ал біз әлі күн­ге латын әліпбиі дегенде бір шешімге тоқтай алмай ке­ле­міз. Неге?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында: «Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл ма­ман­дары жаңа әліпбиді жетіл­ді­руі ке­рек. Мәдениет және спорт ми­нистрі А.Райымқұловаға тиісті тап­сырма бердім. Алдымызда ау­қым­ды жұмыс тұр» деген еді.

Президент тапсырмасына орай, тіл мамандары латын әліп­биі­нің бұған дейінгі нұсқасына тағы да төрт таңбаны қосып отыр. Тіл бі­лі­мі институты ұсынған бұл жо­ба – латын әліпбиінің соңғы нұс­қасы емес. Оған қосымша, Ш.Шаяхме­тов атындағы «Тіл-Қа­з­ы­на» ұлттық ғылыми-прак­ти­ка­лық орталығы­ның да ұсынар жо­­­басы бар. Одан бөлек, латын әліп­­биінің жүздеген нұс­қасы ұсы­ныл­­ды. Олардың ара­сын­да әуес­қой­­лар, тіл мамандары, Тіл білімі инс­титуты бар. Бұл – бір жағынан жақ­сы тенденция. Әрі азаматтық қо­ғам­ның көрінісі. Бірақ мұндай жо­баның көп болуы нақты сапаға әсер ете алды ма? Мәселе – осын­да.

31 қазан күні Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құ­лова латын әліпбиіне байланысты нақты жоба ұсынып жүрген маман­дар­мен кездескен еді. Кездесу­де «Байлатын» жобасын жасаған жі­гіт­тер де, арнайы латын әліпбиі нұс­қасын әзірлеген математик те болды. Министр екі тараптың ұсы­ны­сын, талап-тілегін тыңдаған еді. Әрине, жобаның көп болғаны дұрыс. Көптің ішінен біреуі жеке-дара шығары анық. Көпшілік те өзіне ыңғайлы нұсқаны бекіткенін қалап отыр. Алайда ең өкініштісі, бүгінгі латын әліпбиінің халі – шаян шөлге, шортан көлге, аққу көк­ке тартып тұр. Ортақ бір шешім жоқ. Әрқайсысы өз нұсқасын дұ­рыс санайды. Кездесуге қа­тысқан жазушы Арман Әл­мен­беттің ай­туы­н­ша, Тіл білімі инс­ти­ту­ты мен «Тіл-Қазынаның» да жо­басы кө­ңіл­ден шығып тұрған жоқ.

«Байлатын» деген нұсқа бар. Ар­ман Байқадамов деген азамат­тың фамилиясына қарай атын солай қой­ған болуы керек. Арман – кә­­сіп­­кер жігіт, ал әліпби жасау ісін­де оның қасында бірнеше жігіт бар. Бұ­лар әліпбиді әлеуметтік желі ар­қы­лы жарнамалауды ерте бас­тап кетті. Олардың ұсынатыны – ағыл­шын тілінде бар 26 әріптен шық­­па­йық, к - c, қ - k, ғ - q, ә мен а - a, ұ ­мен ү - u болсын, қайсы не еке­­­нін тран­­скрипция арқылы бе­ре­йік дейді.

Институт пен «Тіл-Қазы­на­ның» ұсынысы өзіме ұнамайды. Ұна­май­тын себебі екеуінің ноқат, нүкте, қос нүкте, сызықтары көп. Түрік­тің әліпбиін алмай-ақ, бола­шақта түрік те, басқалар да біздің әліпбиді алатын болса деп ойлай­мын. Бірақ институт пен «Тіл-Қа­зы­­­наның» ендігі ұсынатын әліп­би­ле­рі алдың­ғы қателерді түзесе, он­­да жоқ де­ген­д­е әйтеуір бір ды­быс – бір таңба прин­ципі бойынша әліп­би жаса­ла­ды ғой деп үмітт­е­не­мін.

Ал Қуантқан Вановтың ұсыны­сы – бәріне тосын. Бұны қабылдау үшін үлкен батылдық керек. Бұл кісінің принципі бойынша, 1994 жы­лы қабылданған әлемдік фоне­ти­­калық әліпбиге сүйенуге болады екен. Яғни, сол жылы адам бала­сы­ның аузынан шығатын барлық дыбыстың таңбасы жасалған көрінеді (бәрі интернетте тұр). Мате­матик министрмен кездесуде бірқатар қызықты жобаларды айтты» дейді Арман Әлменбет.

«Байлатын» да жақсы, Тіл бі­лі­мі институты ұсынған нұсқаны да қарау керек. «Тіл-Қазынаның» ай­­тар өз ойы бар. Дегенмен ұлтқа ке­регі не? Олар диграфқа та, апос­траф­­қа да ұрынғанын қала­майды. Соны­мен, қайсысы тиімді?

ес. Біз осы 28 дыбысқа 28 таңба алдық. Алайда біздің қоғамда орыс сөзіне әбден үйрен­ген адам­дар бар арамызда.Тіл білімі институтының ұсы­ны­сы қабылдана ма, жоқ па, ол жағы тағы белгісіз. Ал «Байла­тын­ның» нұсқасын тіл мамандары ұна­­тып отырған жоқ, «Арман Бай­қа­­дам ұсынған нұсқаны осыдан 10 жыл бұрын жоққа шығарғанбыз. Ол жоба Тіл білімі институтынан талай рет талқылаудан өткен. Әліп­би техникалық болмауы ке­рек. Әліпби – тілдің мәселесі. Оны ком­пью­терде пайдалану – ол өз ал­дына бөлек әңгіме. Тілді ком­пью­терге икемдеуге болмайды. Ке­рісінше, компьютерді түрлі бағ­дар­ламалар арқылы тілге икем­деу қажет. Біздің төл дыбыс­тар­ымыз бар болғаны 28 ғана, бұрын­ғыдай 42 ем Олар­дың талабы үшін, амал жоқ, тағы төрт таңбаны кіргізіп отыр­мыз. Ол «ч», «в», «ф», одан кейін «һ» таңбасы. Бір ше­шім­ге келу үшін бір жағына көну керек. Қол­дан таңба құрас­ты­ру оңай, бірақ ол әліпби бол­май­ды» дейді Ахмет Байтұр­сын­­ұлы атын­да­ғы Тіл білімі институтының про­фессоры Әлім­хан Жүнісбек.


«Байлатынды» дайындаған жі­гіт­тердің де айтар уәжі бар. Олар ұсы­нып отырған әліпби 26 таңба­дан аспайды. Бұл талап IT техно­ло­гияға негізделіп отырғаны бел­гі­лі. Олар «транскрипция беру ар­­қы­лы қазақ тілінің ақсап тұрған са­ла­сы орфоэпияны толық ретке кел­ті­ре аламыз» деген пікірді айта­ды.

«Ағылшынша тілі шыққан адам сөздердің айтылуы мен жа­зы­луын жаттап өседі. Ағыл­шынша бір сөзді қате айтсаң, күледі. Өзің-ақ қып-қызыл болып кетесің. Жұрт сені түсінбейді, күнің түсіп тұр­ған соң амал жоқ, дұрыс айта­сың. Ал қа­зақ­­шаға кімнің күні түсіп тұр? 42 әріп­пен таңбалағанда қате айтады, 26 әріппен таңбаласаң мұның тран­скрип­циясы қайда деп біреу іздей қоя ма?» дейді Арман Әлменбет.

Дұрыс-ақ делік. Транскрипция жасалса, айтылуы дұрысталмақ. Бірақ бізге қазір керегі айтылуы емес, таңбалануы емес пе? «Тіл-қа­зы­­на» орталығы Орфография бас­­қар­масының басшысы Гүлфар Мамырбек:

«Әліпби нұсқасын әзірлеп, ұсы­нып отырған әр адамның тілге деген жанашырлығын байқауға болады. «Өз үлесімді қоссам екен, дұрыс нәрсе ұсынсам» деген жана­шыр­лық сезімі бар. Оларды автор­лық­қа ұмтылып жүр деп те айтуға болмас. Шын мәнінде, әуесқойлар жасаған жобалардың көбі талқы­лау­ға түскен жоқ. Тіл білімі инсти­ту­ты да өз жобасын бірнеше рет ұсы­­нып, талқылауға берді. «Бай­ла­­тын» да солай ұсынып жүр. Мә­се­­лен, диграф жобасы шық­қанда бәріміз шалқамыздан түстік. Оқы­лы­мы да, жазылуы да қиын бұл жобаның қабылдан­байтыны анық еді. Апостроф нұсқасы да қатты сын­ға ұшырады. Дәйекше қаптап кеткенін көрген жұрт­шы­лық оны «биттеген» әліпби деп қарсы бол­ға­ны анық. Соңғы қабылданған акут­ты нұсқа­ның да кемшіліктерін айтып жүр. Деген­мен бұл алдыңғы екі жобаға қа­рағанда, талқылауға көп түс­пегені анық. Жалпы, көп­ші­ліктің латын қарпіне көшуге ынта-ықы­ласы басқаша. Олар ла­тын әліпбиінің жаппай қолда­ныс­қа енуіне қарсы емес. Қоғамның да, әліпби ұсыну­шы­­лардың көзқа­ра­сын, ұсынысын талқылауы­мыз керек. Әзірге төрт әліпби жобасы талқылауға түседі. Қай жоба дұрыс деп шешіледі, соны қабылдаймыз» дейді.

Әрине, кем-кетіктер ескеріліп, олқылықтар түзетілсе, одан ұтпа­сақ, ұтылмаймыз. Министр Ақто­ты Райымқұлова: «Бізге қазақ ті­лі­нің ерекшеліктерін сақтап қа­латын әліпби қажет» дегенді ай­тып отыр. Расымен, көпшіліктің кө­ңі­лі­нен шы­ғатын нұсқаны қа­был­дау лә­зім. Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрі Дәурен Абаев: «Әліп­би – бұл жай ғана қаріп емес, бұл – біз­дің ұлтымыз­дың болаша­ғы, мәде­ни код­тың бөлшегі, ком­му­ни­­ка­ция құралы. Сондықтан бұл мәселеде ешқандай асығыстық бол­мауы керек» дейді.

Латын әліпбиіне жанашырлық се­зімі болғаны дұрыс. «Автор бо­лып, құр абырой жинаудың қа­жеті ша­малы» екенін айтқымыз келе­ді. Қалай десек те, әліпбидің ендігі бекі­тілетін соңғы нұс­қа­сына «екі шо­қып, бір қараған» дұрыс-ау...