Елордада 5 автокөлік соқтығысты
Елордада 5 автокөлік соқтығысты
5,129
оқылды

Елордада 5 автокөлік соқтығысты, - деп хабарлады қалалық полиция депараментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 17 қарашада болды. Шамамен түс кезінде KIA Cerato жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен  Рысқұлов көшесіне қарай келе жатқан. Жүргізуші көлікке ие бола алмай қалып, сол бағытта келе жатқан Hyundai Accent-ке соқтығысты.  Содан соң KIA Cerato қарама-қарсы бағытқа шығып, тағы үш көлікпен соқтығысқан.
Желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Құқық қорғаушылар мәліметінше, 5 автокөлік жол апатына ұшыраған.

"Соқтығысқан көліктер арасында 55 жастағы жүргізуші басқарған Iveco Daily автобусы бар. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

KIA Cerato көлігігінң 25 жастағы жүргізушісі дене жарақатын алды. Ол ауруханада тексеріліп, үйіне жіберілді. Тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

https://www.youtube.com/watch?v=NDGMYClJaIA&feature=emb_logo