Тоқаев кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялады
Тоқаев кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялады
159
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысы "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау" туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сенат депутаттары "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қарашаның басында қабылдаған. Сенат төрағасы бұл құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және тауар айналымын арттыруға көмектесетінін айтқан еді