Таразда әйелді өлтіріп, кейуананы жаралаған қаскөйдің кім екені анықталды
Таразда әйелді өлтіріп, кейуананы жаралаған қаскөйдің кім екені анықталды
191
оқылды
Тараз қаласының тәртіп сақшылары кісі өлімі фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 16 қарашада “102” пультіне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйіне оралғанда пышақталған анасы мен жұбайының үстінен түскенін айтқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, дастарқан басында бас қосып, спирттік ішімдік ішкендерін, сол кезде кенеттен туындаған жанжал салдарынан жәбірленушілерге пышақ жарақатын салғанын айтып, көрсетті. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай дәлелдемелер алынды.