Үш айда полицей дайындаймыз ба?
Үш айда полицей дайындаймыз ба?
368
оқылды

Елімізде ішкі істер саласын модернизациялау қолға алынған 2018 жылы алға қойылған мақсаттың бірі – ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру бола­тын. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім берудің тиім­сіздігін сынап, 12 жоғары оқу орнының санын және оқу мер­зімін қыс­қартуды тапсырған еді.

Тиімділігі төмен жоғары білім

Былтыр ведомст­волық білім ордалары 6-ға қысқарды. Олар – Қарағанды, Алматы, Қос­­танай академиялары, Ақтөбе заң институты және Шымкент пен Пав­лодардағы оқу орталықтары. Қалған Нұр-Сұлтан, Ақтау, Теміртау, Семей, Алматы, Қостанай қалаларындағы оқу орталықтары жабылып қалды. Бұл өзгерістерге сол уақытта ішкі істер саласына жанама қатысты екі оқу орны – Көкшетау техникалық институты (ТЖМ) мен Ұлттық ұлан­­­­­­ның әскери институты ғана ұшыраған жоқ. Сондай-ақ бака­лавр дәрежесі тек Қарағанды ака­­­демиясында ғана қалдырылып, қалған оқу орындары 3-6 айлық курстарға көшірілді. «Кадрлық болжамдар бойынша ішкі істер органдарына жыл сайын 8 000-нан астам қызметкер қажет. Бұған дейін де соның тек 12-15 пайы­зын ведомстволық оқу орын­дарының түлектері құрайтын. Ал 78-82 пайызы азаматтық білім беру ұйымдарынан алынатын. Қалғанын өзге құқық қорғау органдары мен әскери құрылымдардан ауысқан қызметкерлер толықтыратын. Осы­лардың ішінде жоғары білімді қажет ететін мамандық – 4 530, яғни 47,8 пайызы болса, оның ішінде заң­гер дипломы 3 189 орынға ғана та­лап етіледі. Қалғандары арнаулы-орта және орта білімді қажет ететін штаттық бірліктер. Сондай-ақ жыл сайын заңгерлікке қатысы жоқ ақпараттық технологиялар, инженерия, медицина, химия, био­­­­­­логия сынды саладағы жоғары білімді талап ететін мамандықтарға да сұраныс артып келеді», – дейді ІІМ Кадр саясат департаменті Ве­­­домстволық білім беруді ұйым­дас­­тыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инс­пекторы, полиция подпол­ковнигі Қанатбек Қарабеков. Осылайша, оңтайландырылған жаңа бағдарлама бойынша 2019 жылы 1 523 курсант, жыл басынан бері 3 100 курсант алғашқы даяр­лық­тан өткен екен. 33 рейтингі жо­ғары ЖОО-лармен кадр дайындау бойынша меморандумдарға қол қойылған. Қысқарудан аман қал­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ған білім ордалары тә­­жі­­­ри­­­­­­­­­­­­­­­­беге бағытталған оқу бағдар­­­ламаларына ауыстырылып, 130 адам­дық практик-дәріскерлер пу­­лы жасақталған. Олар – ІІО бөлімшелерінің қызметте жүрген басшылары. Ішкі істер министрлігі бұл өзгерістердің арқасында кадр жетіспеушілігін 7,1 пайызға дейін азайтып, оңтайландыруды одан әрі жалғастыруға ниетті.

Шетелдік тәжірибенің қазақстандық үлгісі

Әрине, жаңа жүйеден күтер үміт зор. Өйткені тәжірибе шетелдік озық үлгілерге негізделген. Мәселен, Америкада полиция академиясында «коптарды» ең аз дегенде 12 апта оқытады екен. Ал оған дейін кур­­санттар орта мектепті бітірген соң екі жыл армияға барып келуі немесе заң мектебінде әлде колледжінде оқуы міндетті. Одан бөлек, бакалавр да бар. Оны оқу, оқымауды әркім өзі шешеді. Мұның бәрі қызметкердің шені мен лауазымына, соған сәйкес еңбекақысының аз-көптігіне тікелей әсер етеді. Еуропада да 1999 жылы Болон келісімі қабылданған соң 2002-2009 жылдар аралығында полиция қызметкерлерін даярлауда көптеген өзгерістер болды. Оған қосылған 42 елде, соның ішінде Еуроодақтың 27 елінде бакалавриат сақталып қалғанымен, оның мерзімі әртүрлі. Мәселен, Венгрияда 18 ай болса, Финляндияда – 5 жыл. Осы ретте, Еуропада білім беру саласында ортақ кеңістік қалыптастыру үрдісі әлі де жалғасуда екенін айта кеткен жөн. Мұндай шетелдік тәжірибені сол күйі көшіріп алу, әрине мүмкін емес болар, бірақ өзімізге тән моделін қалыптастыру жолында әлде де ат­қарылар жұмыстар көп. Сондықтан да жаңаша фор­маттағы полиция қызметкерін тәрбиелеп шығару үшін жалғыз оқу әдістемесіндегі өзгерістерден көп ештеңе ұтпасымыз анық. Оң­­тайландырылған жүйенің алғашқы қарлығаштарының бі­­рі – Жеңіс Өнербек 2006 жылы Қытайдың Алтай қаласынан көшіп келген. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонында туристік полицияда қызмет етеді. «Шығыс Қазақстан облысы Се­мей қаласына бүкіл отбасымызбен көшіп келдік. Осында Қаратал ауы­­­лы орта мектебінде 10-11-сы­­­нып­­ты оқы­­дым. Одан соң Семей­­­­­дегі Құ­­­­­қық және бизнес колледжін тә­­­мам­­дадым. Қарағандыдағы Май­құдық ауы­лында әскери боры­­­­шымды өтедім. Үйленгенмін, екі ұлым бар. Поли­цияға жұмысқа биыл кірдім. Мұнда қызметкерлерге барлық жағ­дай жа­­­салған. Тек жұмысыңды істесең болды. Бізге пәтерақы төленіп жа­тыр. Айлығымнан бөлек екі балам мен келіншегіме де жеңілдіктер бар. Барлығын қосқанда 370 мың теңге айлық аламын. Үш ай сайын сыйақы беріледі. Ендеше қандай қиындық болса да төзіп, қызметімді жан-тә­німмен атқаруға дайынмын», – дейді ол.

Парадигма өзгермей, пайда жоқ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 2018 жылғы жиында «бұл саладағы қысқартулар қоғамдық тәртіпті қада­­ғалауды әлсіретіп жібермеуі тиіс» деп те тапсырған болатын. Ішкі істер ми­­­нистрлігін реформалау туралы әрісі өткен ғасырдан, берісі екі жылдан бері айтылып келе жат­­­қанына қара­­ғанда, мұндағы өзгерістерді қазіргі министрдің өзі де асықпай жүргізгенді дұрыс көретінін сияқты. Бірақ тым асықпауға тағы болмайды. Өйткені бұл өзгерісті Президент те, халық та күтіп отыр. «Бізде әлі күнге ең басты нәр­­се өзгерген жоқ. Ол – полиция қыз­­­­­­­­­метінің парадигмасы. Ішкі іс­­­тер қызметкерлері қазір халыққа қызмет етпейді. Олар азаматтардың құқығын қорғаудан бұрын, жоғары басшылық қойған тапсырмаларды орындауға тырысады. Сондықтан да бірінші кезекте осыны өзгерту керек. Ведомстволық білім беруді оңтайландырудан екі сценарий кү­туге болады. Біріншісі – ештеңе­мен былғанбаған, жаңадан келген қызметкерлер осы тазалығын сақ­тай отыра, коррупциядан, зор­лық-зомбылықтан ада қызмет етіп, қалыптасқан жағдайды өз­гер­теді. Екіншісі – мұндағы әді­летсіздіктерге көнбей жұмыстан шығып кетеді, әлде соның бір бөл­­шегіне айналады. Дәл қазір­­гі уақытта қатарға жаңадан қо­­­сылатын полицейлердің саны аз, сондықтан саннан бұрын сапаны сұрау асығыстық болар. Ал түп­кі мақсатта олар азаматтық қауым­­­дастықтың қолдауына сүйе­­­­­­­­­­ніп, бұл құрылымды іші­­нен өз­гертуі тиіс», – дейді «ІІМ ре­­формасын талап етеміз» аза­­­маттық қозғалысының тең тө­­рағасы Ерлан Нұрпейісов. Ерлан Жасұланұлының ай­­­­­туынша, ішкі істер саласын ре­­фор­­­­­малау ведомстволық білім беру саласымен шектеліп қал­май­­тыны анық. Бұл тұста барлық мә­­се­­­лелер тұтас қарастырылып, бір-бірімен байланысы үзілмей жүзеге асуы тиіс. «Жұмысына адал қызметкерлерді жария түрде ұлықтаудың механизмі жасалып, оларды қызметтік көтермелеудің артықшылығы басқалар үшін ор­­­тақ мақсатқа айналуы ке­ре», – дейді ол. Ал Қарағанды ака­­­­­­демиясында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагер ұс­­­таз Жеңіс Сүйіндікұлы білім са­ласындағы өз­герістерді қол­­­дамайтынын ай­­тады. «Бұрын Кеңес Одағында заң­гер дайындайтын тек екі-ақ оқу орны болатын. Ол ҚазМУ мен ҚарМУ еді. Ал қазір әрбір оқу ор­ны осындай маман дайындайды. Олардың көбі шикі оқытады. Бі­­­­­­­­лімдері саяздау. Студенттері дип­­лом алып шыққанмен, білім алып шықпайды. Сондықтан ве­­­­­­домстволық бакалавриатты әлі де болса қайтару керек. Бәлкім, күзетте тұратын, кезекшілікте жү­­ретін сержанттарды 3-6 ай оқы­­туға болатын болар. Ал кри­­­миналист, тергеуші, жедел уәкілдерді олай оқыта алмайсың. Оларға тереңдетілген арнаулы білім керек. Сондықтан бұл өзгерістерге өзім де, мен біле­­­тін көптеген ардагерлер де қар­сымыз», – дейді ол. Ведомстволық білім саласы елі­­­­мізде алғаш рет өзгеріске ұшы­­рап отыр. Сондықтан да оны сы­­­­­­­­­най­­­тындар да, қолдайтындар да табылар. Бірақ бір нәрсе анық. Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – ха­лықтың сенімін қайтару. Ендеше қыс­­­қа курстардың нұсқа мазмұны сервистік модельге бағытталуы тиіс.

Нұрлан ҚОСАЙ