Гарвард университеті тегін онлайн курс өткізеді
Гарвард университеті тегін онлайн курс өткізеді
304
оқылды

Пандемия арақашықтыққа қарамастан сапалы білім алуға боларын дәлелдеді. Мысалы, Гарвард  университетінің 5 тегін онлайн курсына қатысуға болады. Белгілі ғалымдар жүргізетін қызықты деректер мен тәжірибеге толы сабақ өтеді.

Massaget порталының мә­лім­етінше, алғашқысы – про­фессор Сэнделдің «Әділет» он­лайн курсы. Курстың оқу мер­зімі – 12 сағат. Орыс тіліне ау­дарылған курсқа қазіргі сот практикасындағы істерді енгізген. Әрі саяси философия туралы клас­сикалық шығармаларды оқи­сыз. Одан кейінгісі – «Нейро­биология негіздері» онлайн кур­сы. Профессор Дэвид Кокс биоэлектризмнің, нейрон желілері мен нейрондар арасындағы бай­ланыс жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, сигналдардың миға қалай еніп, өңделетінін түсіндіреді. Оқу циклі үш бөлімнен тұрады. Университет бағдарламалау тілін түсінгісі келетіндерге «CS50: бағ­дарламалау негіздері» атты 12 апталық курс ұсынады. Мұны профессор Дэвид Маллон қарапайым тілмен түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді үйретеді. Ал «Оқу көшбасшысы» онлайн курсы ағылшын тілін еркін меңгергісі келген әрбір адамға пайдалы болмақ. «Әлем әдебиетінің жау­һарлары» курсына келсек, Гарвард университеті гаджетке «байланған» қоғамды бір сәт кітап оқып, рухани демалуға шақырады. Қызығы, аталған курсқа қатысушылар әлем­дегі ең қиын әдеби туынды­лар­ды талдап, жалықпай оқуға бейімделеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ