19 қарашада телеарналар мен радиолар уақытша жұмыс істемейді
19 қарашада телеарналар мен радиолар уақытша жұмыс істемейді
207
оқылды
19 қарашада Қазақстанда теледидар мен радиолар уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ. Жердегі цифрлық, аналогтық және спутниктік телерадио хабарларын тарату желісіндегі жоспарлы профилактикалық және жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Телерадиохабар тарату ісі 2020 жылдың 19 қарашасында таңғы сағат 3: 00-де тоқтатылады. Қазақстандық телерадио эфирлерінің таралуы ісі жоспарланған жұмыс атқарылып болған соң 19 қараша күні сағат 17.00-де қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.