Амман қаласындағы көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі
Амман қаласындағы көшелердің біріне Абайдың есімі беріледі
173
оқылды
Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, - деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі. Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларды қолдау көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Бұл ретте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты ашылу рәсімімен Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне қазақтың ұлы ақынының есімін беру туралы уағдаластық орындалды.
"2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілді. 2018 жылғы желтоқсанда Амманда Астана көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті", - делінген СІМ хабарламасында.