Екібастұз қаласындағы колледждердің бірінде білім алатын бірінші курс студенті тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп, қаза тапты. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге оқталу) бойынша қаралуда. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Қаза тапқан 16 жастағы қыз Екібастұз қаласында академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында білім алған. Ол тоғызыншы сыныптан кейін «станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары» мамандығының күндізгі бөліміне түскен.