Бес өңірде ескерту жарияланды
Бес өңірде ескерту жарияланды
146
оқылды
Қазгидромет ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланғанын хабарлады. Ақмола облысы 20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Жамбыл облысы 20-22 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20-22 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Қарағанды облысы 20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысы 20 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысы 20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 20, тәулік бойы 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: күндіз 20, түнде 21 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.