Солтүстік Суматра провинциясында үйінің төбесіне метеорит түскен қабір қазатын адам Джошуа Хутагалунг миллионер болды.
Аспаннан метеорит құлаған кезде ер адам табыт жасап жатқан. Тас түскен жеріне 15 сантиметрге дейін батқан деп жазады Zakon.kz.
«Өте ыстық болды. Жалаңаш қолмен ұстау мүмкін болмағандықтан, әйелім оны кетпенмен қазып алды, содан кейін ішке кіргізді», – дейді бақытты адам.
Метеориттің салмағы – 2,1 келі, жасы – шамамен 4,5 млрд жыл. Сирек кездесетін тастың құны шамамен 1,4 миллион фунт стерлинг (£ 1 = 568,51 теңге). Джошуа табылған затты коллекционерге сатып, ондаған жылда табатын ақыны бір сәтте алған.Үш баланың әкесі бұл ақшаны өз қауымына шіркеу салуға жұмсамақ ниетте.
"Мен қызым болса деп армандадым және бұл маған берілген белгі, сәттілікті меңзейді деп ойлаймын" деді ол.