Кезекші сыныптарға сабақ беріп жүрген мұғалімдерден коронавирус анықталды
Кезекші сыныптарға сабақ беріп жүрген мұғалімдерден коронавирус анықталды
239
оқылды

Петропавлдағы №1 жалпы білім беретін IT лицейдің 2-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнің коронавирусқа шалдыққаны анықталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалімнің тапсырған ПТР тесті оның ауруға шалдыққанын растады.

Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы және бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқуға көшірілді.

4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен СOVID-19 табылған. Ол да ПТР тест тапсырып, талдау оң нәтиже көрсетті. Салдарынан кезекші екі сыныптың 26 оқушысы қашықтан оқитын болды.