Ақсаған авиация

Ақсаған авиация

Әгәраки, мемлекетіміз жалақысы 4 миллион теңгедей және одан жоғары шетелдік ұшқыштарды отандық кадрлармен ауыстырса, бұл өз кезегінде авиабилеттердің арзандауына әкеледі. Алайда авиа­тор­лар даяр­лайтын отандық ЖОО түлектерінің білім деңгейі заманауи стан­дарт­тарға сәйкес келмейді. Демек, ұшу қауіпсіздігіне нұқсан келуі ық­ти­мал.

Мұны көшедегі көк атының бі­­рі емес, салаға жауапты ме­мор­­ган – Ин­­­­­дустрия және инф­ра­құры­лым­дық да­му министрлігінің бас­шысы Бей­біт Атамқұлов айтып отыр. Қазақ мұн­­­дайда: «арба өгізге кел­мейді, өгіз ар­ба­ға кел­мейді» дей­ді.

Бірақ осы байламмен сол ма­ман­­дар­ды әзірлейтін академия, әри­­не, ке­­ліспейді. Және бұл ретте бас­­қа мә­­телді өзекті санайды: «Екі түйе сүй­­кенсе, арасында шы­бын өле­ді». Өйт­кені жақында Аза­маттық авиа­ция академиясына (ААА) Бі­лім және ғы­­лым министрлігінің ре­ви­зорлары сау ете қалған. Олар­дың тек­серу қо­ры­­тындысында ен­ді ғылым ор­да­сы­на лицензия­сы­нан айырылу және мил­­лиондық айыппұл салыну қаупі төну­де. Ведомство әкімшілік іс ма­те­риалда­рын Алматы қаласының ма­ман­дан­ды­рыл­ған ауданаралық әкім­шілік со­тына жол­дағанын хабарлады.

БҒМ дәйектеуінше, онда бір емес, бір­­неше бұзушылық анықтал­ған. Бі­ріншіден, студенттері бел­гі­­лен­­­­ген­нен әлдеқайда аз – қа­жет­­ті 2 700 са­ғат орнына 2400-дей са­­ғат оқи­ды. Екіншіден, әрі ең бас­ты­­сы – мүйі­зі қарағайдай ака­­­демия бол­­ға­ны­мен, ғылыми атақ-дәрежесі бар оқы­тушылары же­тіспейді. Бі­лім ве­дом­с­твосы ААА-ның бұл жөнс­із­дік­те­рін тый­май, қайта жыл өткен сайын ушық­­тыра түскеніне наразы. Мысалы, был­­тырғы жазда Білім және ғылым ми­­нистрлігі тексеріс жүргізіп, дәл осы ол­қылықтарды жою тура­лы ұйғарым ұсы­­нып кетіпті. Ал ака­демия оны тү­зет­­пек түгілі, қар­сы­лық білдіруде.

– Авиацияға ғылым докторлары немесе кандидаттыққа ие ұшқыш­тар­дың түкке қажеті жоқ. Бұл – әлем­дік тәжірибеде, дамыған ел­дер талабында кездеспейтін нәрсе. Бізге білікті инструкторлар, сауат­ты инспекторлар керек. Олар­дың әуекөлігінің белгілі бір түр­ле­ріне қатысты рұқсаты болуға тиіс. Басқаша айтқанда, тиісті сер­тификаттары бар жоғары деңгейлі мамандар қажет, – дейді Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов.

Оның дерегінше, ұжымдағы 130 адамның ішінен БҒМ талап ет­кендей, 30 профессор да табыл­май­тын көрінеді.

 

Аты дардай, ғалымы қандай?

Сонымен көркем тілмен түй­сек, оқу орнының еңсесін езген бір «түйенің» Білім және ғылым ми­нистрлігі екені анықталды. Екінші ал­­пауыт қайсы? Академияның тү­­сін­діруінше, Халықаралық аза­мат­тық авиация ұйымы (ICAO, International Civil Aviation Organi­zation) ЖОО-дан басқаны талап етеді.

«Қазақстандағы авиациялық персоналды даярлауды халықаралық талаптарға және азаматтық авиация саласындағы әлемдік тәжірибеге сәйкестендіру қазақстандық Бі­лім және ғылым министрлігінің бі­ліктілік талаптарына қарама-қай­шы келеді. Салдарынан БҒМ тек­серістері кезінде Азаматтық авиа­ция академиясының лицен­зия­сын тоқтата тұру жүйелі сипат алды» делінген академияның бас­па­сөз хабарламасында. Мыса­лы, 2012 жылы да академия қай­та­ла­ма тексеруден өте алмай, ли­­цензиясынан айырылды, бірақ ар­тынша сот арқылы оны қалпына келтіріп алған болатын.

Еліміздің білім заңнамасы бойын­ша аты дардай академия атал­ған соң, онда бейінді, яғни авиа­циялық инженерлік дайындау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың жеткілікті са­ны болуы міндет.

Алайда «Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиа­ция қызметі туралы» заңы халық­ара­лық келісімдердің ұлттық заңнан ба­сымдығын белгілейді: «Егер Қа­зақ­стан ратификациялаған ха­­­лықаралық шартта осы заңда көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарт­тың қағидалары қолданылады» делінген онда.

Ал ИКАО негізінен, ғылыми дә­ре­желі ғалымдардың емес, аза­мат­тық авиация саласындағы уә­кі­летті орган сертификаттаған жә­не лайықты біліктілігі бар инс­трук­торлардың болуын талап етеді.

Осыған орай, Индустрия жә­не инфрақұрылымдық даму ми­нистр­лігі «Білім туралы» заңына өз­герістер мен толықтырулар ен­гізетін жаңа заң жобасына бас­та­ма­шылық жасауда. Құжат ААА-ға мамандандырылған жоғары оқу орны мәртебесін беруге бағытталған. Бұл академияға «азаматтық авиация үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау және ұшу қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бойынша салалық рет­теушілердің талаптарына, ха­лы­қаралық стандарттарға және әлем­дік тәжірибеге сәйкес келуіне» мүмкіндік береді.

Өз кезегінде білім ведомствосы тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Ор­талық Азиядағы азаматтық авиа­цияның жалғыз академиясы са­налатын ЖОО-ны жауып құртуды мақсат етіп отырмағанына сендіреді. Жос­пардан тыс тексеріске олар елі­міздің көлік прокуратурасының ұсы­нысы бойынша аттаныпты.

– Индустрия және инф­рақұры­лым­дық даму министрлігі біздің білім туралы заңына өз түзетулерін қосуға бастамашы болғаны туралы Азаматтық авиация академиясының түсініктемесін оқыдық. Сол арқылы олар академияға арнайы мәртебе бермек ниетте. Жалпы, біз бұл мә­се­лені бірге қарастыра аламыз деген ой­дамын. Дегенмен әзірге олар бұл мәселені бізбен талқылаған жоқ, – деді БҒМ Білім және ғылым сала­с­ындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова КТК арнасына берген сұхбатында.


Мәртебе мұратқа жеткізе ме?

Егер ААА шынымен де арнайы мәр­­­тебеге қол жеткізе алса, онда ұлт­­тық заңнама талаптарына та­бан­даған Білім және ғылым ми­­­нистрлігінің қадағалауынан құты­ла­ды. Әйткенмен, одан авиатор даяр­­лау сапасы арта қояр ма екен?

Ресми дерек бойынша, 2019 жы­лы Қазақстанның авиапаркі ірілі-ұсақты 31 әуекемесімен толықты. Оның тек 3-і ғана жаңа! Қалған 28-і – бұрын өзге елде қолданыста бол­ған әуекемелері.

 Біраз бұрын, 2017 жылғы та­мыз­да Азаматтық авиация ака­де­мия­сының Тecnam-2002 оқу ұшағы апат­қа ұшырап, инструктор және кур­сант қаза тапты. Бұдан бөлек, рес­публикада шағын авиация ұшақ­тары бірнеше рет құлап, ішіндегі адамдардың мерт болуына әкелді. Бұл жерде ұшқыштарды кінәлай беру әбестік. Адами фактор сыртын­да апаттарға әуекөліктерінің тозуы да ықпал етеді.

Ресми дерек бойынша, 2019 жы­лы Қазақстанның авиапаркі ірілі-ұсақты 31 әуекемесімен толықты. Оның тек 3-і ғана жаңа! Қалған 28-і – бұрын өзге елде қолданыста бол­ған (б/ушный) әуекемелері.

Салада біраз мәселенің ше­шіл­мей, қордаланып жатқанын таяуда, қазан айында Үкіметте Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрі Бейбіт Атамқұлов ашық айт­ты.

– Азаматтық авиация үшін өз кә­сібінің нағыз майталмандары қа­жет. Отандық мамандардың тап­шылығынан авиакомпаниялар кө­б­інесе шетелдік пилоттарды, әкім­шілік құрамды, басқару­шы­ларды жұмысқа алады. Елімізде жал­ғыз оқу орны – Азаматтық авиа­ция академиясы ғана бар, ол жыл сайын 400-ден астам маман даяр­лап шығарады. Олар ұшу прак­тикасынан шетелде өтеді. Сонымен бір­ге аталған ЖОО түлектері на­рық­та сұранысқа ие емес, себебі за­манауи стандарттарға сәйкес кел­мейді, – деді Б.Атамқұлов Үкімет отырысында.

Меморган басшылығына 2019 жылғы қыркүйекте ғана келген жаңа министр экспат ұшқыштарды отандық мамандармен алмастыру бойын­ша жоспарларымен бөлісті. Оның мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистр­лігі жоғары білікті кадрлар­ды даярлау мақсатында осы академия­ны дамыту жоспарын әзірлеуде.

 

Экспат қанша алады?

2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасында азаматтық авиация са­ласын ары қарай дамытудың бар­лық шарасы мен тетіктері қа­рас­тырылған.

– Егер шетелдік ұшқыштарды отан­дық кадрлармен ауыстырар бол­са, бұл елеулі қаржының үнем­де­луіне ықпал етеді. Ол өз кезе­гін­де авиабилеттер бағасының арзан­дауына түрткі болады. Алдағы 2020 жылы саладағы барлық отандық оқу орындарын топтастырып, еу­ропалық стандарттарға сәйкес ке­ле­тін бір азаматтық авиация оқу орталығын құруды жоспарлап отыр­мыз, – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрліктің баспасөз қыз­ме­ті­нің ақпарынша, ұлттық Air Astana әуетасымалдаушысының 450 ұшқышының 100-і – шетелдік екен. Мұның сыртында оның әкімшілік шта­тында 30 шетелдік қызметкер есеп­те тұр. Экспат ұшқыш орташа есеп­пен айына 9 мың евро немесе 3,9 миллион теңге жалақы алады. Яғ­ни, қазақстандық маман жалақы­сынан 15%-ға жоғары.

Әуекомпаниясы төл корпора­тив­тік зейнетақылық жоспары ая­сында жалақының 5-8%-ы кө­ле­мінде ұшқыштар есепшотына қо­сымша жарна аударады. Ішкі на­рықта ұшқыштар тапшылығының қа­лыптасуына байланысты Air Astana бұл мамандарды Испания, Италия, Ұлыбритания, Латын Америкасы және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінен тартуда.

Әрине, әрбір авиатордың нақ­ты жалақысы жария етуге жат­пай­тын ішкі қызметтік құпия са­­на­лады. Сыйақы-бонустарын қос­­­қанда, еліміздегі шетелдік ұш­қыш­тардың табысы жергілікті әріптесінен әлдеқайда көп болуы мүм­кін. Әуетасымалдаушылары өз қызметкерлеріне компания та­бы­сына қарай бонустар төлейді, оның көлемі бірнеше жалақыға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ кейбірінде әуекөлігі тізгінін ұстаған маман­дар­ғ­­а «жылдық бонус» – он үшінші жалақы да төленеді.

Рас, отандық кадрлардың жала­қы бойынша «тәбеті» жоғары емес. Жеке жұмыспен қамту агенттіктері базасынан 600 мың теңге айлыққа ұшақ басқаруға әзір тәжірибелі мамандардың түйіндемесін табуға бо­лады. Статистика жергілікті пи­лоттардың орташа жалақысы 991,3 мың теңгені құрайды дейді.

Азаматтық авиация академия­сы­ның көптеген түлегіне аспан­да­ғы емес, жердегі жұмыстарға қа­на­ғат қылуға тура келетіні, оларды әуекомпаниялары штурвалға жі­­бер­мейтіні біраз жылдан бері мә­­селе ретінде көтеріліп келеді. Се­­бебі елімізде әуекөлігін бас­қару теориялары толыққанды оқы­тылғанымен, оны тәжірибеде қол­дану, ұшақпен ұшу, сөйтіп, шеберлік шыңдау жағы ақсауда. Тіпті, «екінші пилот» лауазымына орналасу үшін авиакомпаниялар кем дегенде 200 сағат ұшу тәжірибесінің болуын та­лап етеді. Министрдің бар күш­ті жұмылдырып, ең құрығанда еу­ропалық стандартқа сай бір аза­мат­тық авиация оқу орталығын құруға тырысуы да содан.

Адамзат бүгінде жүргізушісіз ав­то­көліктерге, «робомобилдерге» көшуде. Дамыған мемлекеттердің ірі қалалары көшелерінде ол үй­рен­шікті көрініске айнала бас­та­ды. Әйтсе де, автопилот сыртын­да ұшқышы жоқ ұшақтарға жолаушы­лар­дың көбісі отырудан ат-тонын ала қашары сөзсіз. Олай болса, бұл мамандарға деген сұраныс бола­шақ­та да жоғары боларына дау айту қиын.

Сондықтан Қазақстан саладағы кадр даярлау ісін былыққа батыра бер­мей, тездетіп тәртіпке келтіріп, түзу жолға түсіргені абзал. Әйтпесе, қа­зақ баласын әуе «самұрығын» бас­қаруға жібермеу жазылмаған заң­дылыққа айналып кетуі ғажап емес.