«Дала қазынасы» монеталар сериясынан JETI QAZYNA биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді. Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады. Яғни, номиналы 100 теңгелік JETI QAZYNA: ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT атты 7 тиын заңды төлем құралына айналды.
Сонымен қатар төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Мәселен, оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады. – Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді, – деді Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаменті директоры Жомарт Қажымұратов. Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартса, онда Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5-25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ