Павлодарnews.kz мәлімдеуінше, педофил Павлодарда сотталды. Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Істің мән-жайы бекітілген заңға байланысты жария бола алмайды, сондықтан іс соттың жабық отырысында қаралды.
Успен ауылының 1974 жылы туылған тұрғыны Н 2016 жылдың 26 тамызынан бастап 2020 жылдың 20 наурызына дейін кішкентай өгей қызын зорлап, оған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап, оның тіпті өзіне-өзі қол салуына түрті болғанын сот анықтаған болатын. Содан айыпталушыға «зорлау және кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер мен қыздың өзін-өзі қол салуына себепкер болғаны» үшін 23 жылға сотталды. Сотта прокурор кінәліге – 20 жыл, жәбірленушінің өкілі – ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұраған.
Алайда сотталушы өзінің кінәсін мойындамады. Тіпті, оның адвокаты соттан оны ақтап алуды сұрады.
«Сот айыпталушының жасалған қылмысын ескере отырып, мастықпен істегеніне қарамастан, оны 23 жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемесіне тоғытылды», - деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.
Н. азаматы осыдан былай кішкентай балалар мен кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және лауазымдық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық заңға сәйкес, бұл талаптың қойылуы міндетті әрі қай жерде жұмыс істесе де орындалауы тиіс.