Әлемнің 9 елінде Абайға ескерткіш орнатылады
Әлемнің 9 елінде Абайға ескерткіш орнатылады
149
оқылды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, әлемнің әр түкпірінде Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады.

Абай жылында Германия, Италия, Болгария, Аустрия, Моңғолия, Ресей, Грузия, Үндістан және Латвия мемлекеттерінің бас қалаларында Абайдың ескерткіші қойылмақ.

«Ұлы ақынның ескерткішін орнатуға Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің атсалысуын сұраймыз» делінген ресми хабарламада.