13 жастағы оқушы электр техникаларын жөндейтін орталық ашты
13 жастағы оқушы электр техникаларын жөндейтін орталық ашты
130
оқылды

Қарағанды облысында жасөспірім әкесінің арманын орындады. Қазір жас кәсіпкер айына 300 мың теңгеге дейін табыс табады.

Орталықтан қазір адам арылмайды. Ауыл тұрғындары техникасы істен шықса, бірден Нұрасылдың көмегіне жүгінеді. Өйткені ол теледидар, тоңазытқыш, көлік магнитафондары тәрізді кез келген техниканы әп-сәтте жөндеп береді.

– Нұрасыл таңнан түске дейін сабақта. Сабақтан соң 2-3 сағат ойынға жіберемін. Ойын баласы ғой. Сосын менің қасымда, айтып отырамын, бәрін істейді, - дейді  әкесі Дос Төлегенов.

Жас шебердің әкесі Дос Төлегеновтің тағдыры ауыр. Туа біткен сал ауруымен күресіп келеді. Осыған қарамастан бұрын жұмыстың бәрін өзі істейтін. Алайда былтыр ЖКО-на түсіп, жығылғанға жұдырық болған. Енді жұмысқа тіптен мүмкіндігі келмей қалыпты. Сондықтан бұл істі Нұрасыл қолға алған. Ісі оңға басып, қазір аудан орталығынан ауылға келіп техникасын жөндететіндер көбейген.