Карантин режимін бұзғандарға 7 миллион теңге айыппұл салынды
Карантин режимін бұзғандарға 7 миллион теңге айыппұл салынды
223
оқылды

Батыс Қазақстан облысында қараша айынан бері карантин режимін бұзған 78 нысан анықталған.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұсаев жалпы 425-бап 1-бөлік бойынша 7 миллион теңгеден аса сомаға 123 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.

"Жаппай іс-шара жасаған - 49 жағдай, маска режимін бұзған - 37 жағдай, сағат 23:00-ден кейін жеке автокөлікпен жүрген - 25 адам, жұмыс режимінің бұзған 11 нысан, дезинфекциялық көрпеше мен қызметкерлердіңдене қызуын өлшеуге арналған құрал 1 нысанда болмады", - деді Мұсаев.

Оның айтуынша, осы бағыт бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.