Құлынды жеңіл көлігіне салып алып тасыған жігіт
Құлынды жеңіл көлігіне салып алып тасыған жігіт
257
оқылды

Соңғы күндері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны құлынды көлігімен тасыған. Видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Көлікте құлынды тасып келе жатқан үш ер адам отыр.

 "Адамдар, қараңдар. Астана қаласы. Кез келген қала арасы, үй жануары, ешқандай жылқы тасығышсыз, ГАЗелсіз", - дейді жүргізуші. [embed]https://youtu.be/L7tq3JOahME[/embed] Полиция департаменті тексеріс барысында видео авторы ұсталғанын хабарлады. Ол – Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны.  "Оның айтуынша, құлынды Ақмола облысындағы ауданның бірінен сатып алған. Ол құлынды тасуға кететін ақшаны үнемдеу үшін ВАЗ-2110 маркалы көлігінің салонына салып, Қызылсуат аулына апарған. Жүргізушінің сөзінше, видеоны отбасылық чатқа әзілдеп жіберген", - дейді полиция өкілдері.    [embed]https://youtu.be/3WD6bGBgVN0[/embed]  Аталған дерек бойынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, материал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жіберілді.