Дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр
111
оқылды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың бірінің халі мүшкіл, екеуінің жағдайы ауыр.

№ 1 және №2 көпсалалы ауруханаларға барлығы 23 адам жатқызылған. Амбулаторлық ем алуға жеңіл жарақатпен 11 адам жіберілген.

«Негізінен, науқастар түрлі дәрежедегі термиялық күйікпен, орташа деңгейдегі улы газдан уланумен, жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бір науқас жамбас сүйегінің жабық сынуымен травматология бөлімінде жатыр. Қалғандары комбустиология бөлімінде. Олардың жағдайы орташа ауыр, асқынусыз», – деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, 21 қарашада Нұр-Сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болған еді.