Үстіртте алабарыс фототұзаққа түсіп қалды
Үстіртте алабарыс фототұзаққа түсіп қалды
304
оқылды
Үстірт табиғи қорығында алабарыс фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев желідегі парақшасында хабарлады. 
«Үстірт табиғи қорығында алабарыс (леопард) фототұзаққа түсіп қалды. Алдыңғы Азия леопарды қорық аумағына көрші Түркіменстаннан келген сияқты. Әлемде популяциясы 870-1,3 мыңнан аспайтын аң Қазақстанда тек Үстіртте ғана кездесіп тұрады. Сондықтан қорықты тиісті күйінде сақтап, оның территориясында және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау шараларын қатаң сақтау өте маңызды», - деп жазды ол.
https://www.youtube.com/watch?v=-uXKqkq5TFo&feature=emb_logo