Ақтөбеде 21 қарашада жоғалып кеткен 17 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 21 қараша күні Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Ал 22 қарашада сағат 7:00-де қаладағы 11-ықшамауданда орналасқан №112 «В» үйінің ауласынан екі жас адамның мүрдесі табылған. Тексеру кезінде оның бірі жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екендігі анықталды. Қыз бен жігіт 25 қабатты үй кіреберісінің балконынан секірген.
«Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке заттарын тәркіледі. Өз-өзіне қол салу фактісінің себебін анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.