3 өңірде ескерту жарияланды
3 өңірде ескерту жарияланды
628
оқылды
Қазақстанның 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 24 қарашада Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. 24-25 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болады.