Бұл не деген алапат марапат?

Бұл не деген алапат марапат?

«Ғасыр ұстазы», «Ұлт ұстазы», «Ұлы дала ұс­тазы», «Алаш ұстазы» және басқа қаптаған ме­­даль, алғысхат сияқты марапат барын бі­ле­сіз бе? Осындай медаль кеудеңізде жар­қы­расын десеңіз, оның жолы оп-оңай. Қал­таңыз­да ақшаңыз болса жеткілікті. Әп-сәтте са­тып ала аласыз. «Құда да тыныш, құдағи да тыныш». Сатқан адам «тауарын» өткіз­ге­ні­не мәз, сатып алған мұғалім медаліне мәз. Осы­лай­ша, «марапат» бизнесі қызып тұр де­седі.

Республикалық QAZBILIM орталығының ди­рек­торы Аятжан Ахметжанұлы «Ұстаздан ұят кет­се, ұлтта ар болмайды. Өз басым «Ғасыр ұс­та­зы», «Ұлт ұстазы», «Алаш ұстазы», «Ұлы дала ұстазы» де­ген медальдарды сатып алу түгілі сыйлыққа берсе де, тағуға намыстанар едім.

Ұлт ұстазы деген атты тек Ахмет Байтұрсынұлына қол­данып жүрміз. Ал олар істеген тірліктің жүзден бі­рін тындырмай, сол деңгейдегі атақты медаль етіп, сатып алып тағу – ұятсыздықтың шыңы» деп күйінеді.

Медаль, алғысхат сатып алу сәнге айналды. Жа­­қында ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін танысым хабарласты. Категориясын кө­­теру үшін алғысхат керек болып жатыр екен. «Та­ныстарың көп қой. Бір алғысхат сатып әперші» дейді. О заман да бұ заман, алғысхатты сатып ал­­ған­ды кім көрген? «Мұғалімдік беделің мықты бол­­са, атақ-даңқ өзі келеді» деп жұбатып қойдым. Сөйт­­сем, «алғысхат пен медальдің» айналасында сау­­да көрігі қызып тұр екен. Мұны кім білген десей­ші?!.

Бәсеке болатындай жөні бар. Мұғалімнің алғысхат, медалі көбейсе, категориясы да артады. Яғни, жала­қысына үстемақы қо­­сылады. Сол үшін әр мұғалім «жеңіл» жолмен болса да, «мара­пат» сатып алуға ұмтылады. Ма­ра­паттың да түр-түрі бар. Алғысхат сатып алу­дың бағасы тіпті арзан. Ары кеткенде – мың теңге. Сондай алғысхат сатып жүр­ген жанның телефонын тауып алып, «мұғалім» болып, сау­да­ласып көрдік.

«Аттестация, категорияға алып жатыр. Ешқандай ша­ғым болған жоқ. Кез келген пән­нен бар. Интернет сай­тына өзім ма­териал жариялап, дәл осын­дай үлгіде грамоталар алып бе­ремін. Материалдың бәрін өзім жария­лаймын. Сізге дайын грамотаны жариялаған материалмен бірге жіберемін. Материал «кмж» са­бақ жоспары түрінде кетеді. Элек­тронды түрде почтаңызға жі­бе­ріледі» дейді.

Педагогикалық журнал шыға­рып жүрген тағы бір жігітке қо­ңы­рау шалдық. «Журналдың бір жыл­­дық жазылу құны –Қоғам белсендісі, тарих пәнінің мұғалімі Өмір Шыныбекұлы: «Тамыр-таныс жағалап, ақша бе­ріп, әлгі алғысхат, тіпті Алтын­сарин медалін сатып алуға бола­ды» деген қауесет желдей есіп тұр ғой. Оның үстіне, әлдебір қоғам­дық қорлар мерекелік медаль сатумен ай­налысады. Былтыр «Қазақстанның құрметті азаматы» деген атақ ту­ралы әңгіме шықты. Ұмытпасам, 1,5 млн теңге төлеп алуға болады десті. Осыдан кейін марапаттан құн қалмайтыны бесенеден белгілі. Ал мұғалімдер үшін әрбір марапат – болашақ жалақыға қосылатын ақша. Яғни, категория кө­терерде марапаттарыңның көшірмесін тапсыруың керек. Кейбіреулер сол сатып алған марапаттарының күшімен санатын көтеріп алады. Бұл – салық төлеушінің ақшасын ұрлау» дейді.6 000 теңге. Бір жылға жаздыртып ал­саңыз, екі мақаланы тегін шы­ғаруға мүм­кіндігіңіз бар. Әрі сіз­ге жа­зылушы ретінде диплом бе­ріледі» дейді. «Ол дипломның мұ­ғалімге тигізер пайдасы бар ма?» деген сауа­лымызға: «Категория үшін қажет болады» деп жауап қайтарды.

  Санатын көтеру үшін кей мұ­ғалімге «атақты» сатып алуға тура келеді. Аятжан Ахметжанұлы «Ғасыр ұстазы – 13 мың, Алаш ұстазы – 10 мың, Ұлт ұстазы – 5 мың теңге тұратынын» жазыпты. Былай қарасаңыз, қатты қымбат та емес. 15 медаль сатса, 150 мың теңге пайда түсіп тұр.

Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова: «Мұғалім аттес­тациядан өткенде, категория кө­терерде мұндай «арзан» мара­пат­тар есептелмеу керек деп ойлаймын. Ал кейбір қоғамдық ұйымдар еңбегін бағалап, дәріптеп жатса, онда неге бас тартады? Олардың заңды қағазы бар. Яғни, бұл сатып алу деген сөз емес. Білім және ғылым министрлігі онсыз да мұғалімдерді құрметтеп, лайықты бағасын беріп жүр. Бұрынғыдай емес, қазір мұғалімнің де беделін көтеру жайы жиі қозғалады. Мұғалімді Үкімет құрметтеп, лайықты атағын беріп жатса, несі айып?! Ал мынадай «бизнес» түріне айналдырып алған марапаттар туралы естімеппін. Өзім ондай «марапат» алып көрмеппін» дейді.

Мұғалімнің бәрі марапатқа сатыл­майды. Бес саусақ бірдей емес. Өз кәсібіне адал, жанкешті мұғалім де жетерлік. Барлығына бірдей кінә артуға тағы болмас. «Мұғалім мәртебесі» қоғам­дық бірлестігінің жетекшісі Мейіржан Темірбек: «Ондай мұғалімдер де бар. Бірақ қазір министрлік бұған қатаң талап қойып жатыр. Әрине, медальді сатып алған дұрыс емес. «Ұлы дала ұстазы» деген сияқты құрып алады да, жарнасын төлетіп, медаль бере береді. Өз басым мұн­дай оңай жолмен келетін атаққа құмар емеспін» дейді.

Мұғалім атақ қуса, жалғандыққа құмартса, шәкіртінің күйі не болмақ? Қоғам белсенділерін алаң­датып отырған мәселе – осы. Осылайша, ұлтты тәр­биелейтін ортаны атаққұмарлыққа итермелеп отырған жоқпыз ба?

Жалпы, мұғалімдердің деңгейін көтермелеу үшін берілетін ұлттық ма­рапат жетерлік. Білім және ғылым ми­нистрлігінің ведомстволық кө­тер­мелеу жүйесі бойынша «Бі­лім туралы» заңында салалық наг­ра­да­лармен марапаттаудың негізде­мелері түйінделген. Оның өз тәр­­тібі бар. Арнайы бекітілген «Ы.Ал­ты­нсарин», «Ғылымды да­мыту­ға сіңір­ген еңбегі үшін» «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі сияқ­ты марапаттары, ми­нистрліктің «Құрмет грамотасы», «Алғысхаты» беріледі. Мұның бәрі заңмен бе­кітілген. Әрі бұл мара­паттарға ие болған үздік мұғалімдер де бар.

Әрине, мемлекеттік деңгейде беріл­ген төсбелгінің жөні бөлек. Ол жолшыбай беріліп жүрген арзан «сөлкебай» емес. Бұл мұғалімнің мәртебесін биіктетеді, мерейін өсіреді. Биікке талпындырады. Істеген ісіне қарай құрметтеледі. Оның өзінде, 40 жылдай еңбек өтілі бар, ұзақ жыл бала тәрбиелеуге еңбегі сіңген ұлт ұстаздары ғана бұл марапатқа лайық бола алады. Ал мектеп табалдырығын кеше ат­тай салып, бүгін марапатқа ұмты­латындардың деңгейін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Мұғалім мәртебесін арттыру туралы жиі мә­селе көтеріп жүрміз. Оның беде­лін кейде осындай «арзанқол» дү­ние­лер де төмендететінін ұмыт­пайық. «Ұлт ұстазына» лайық болу үшін де лайық еңбек ету керек. Оңай олжаның құны болмайды. Кеудеге таққан құр сылдырлақпен «беделімізді» арттырамыз деп, қа­телесіп жүрген жоқпыз ба осы?

 

Абай хакім: «Арсыз болмай, атақ жоқ.

Алдамшы болмай, бақ қайда?» дейді. Біздің бүгінгі күйі­міз тура осы сөзбен пара-пар бо­лып тұр. Өнер әлсіреген кезде дүмбі­лездердің көбейетіні секілді, «Ұлт ұстазы» атанған Ахаңдар сал­ған сара жолдан ауытқып, оңай олжа, арзан атаққа құмартып, ар­сыздыққа бет алып бара жатқан көштің бетін бүгін бері бұрмасақ, ертең кеш болады.

 

Г.ТҰРҒАНБАЙ