Белгілі актриса марқұм жолдасына қандай серт бергенін айтты
Белгілі актриса марқұм жолдасына қандай серт бергенін айтты
237
оқылды
Отандық танымал актриса Әлия Ануарбек марқұм күйеуімен соңғы рет сөйлескен сәтін есіне алып, оған қандай серт бергенін айтты.
"Бүгін мақұм жолдасым, жан досым, балаларымның әкесінің туған күні. Тірі болса, ол 35 жасқа келер еді. Бүгін ішімдегі жан сырымды айтқым келіп отыр. Азамат екеуміздің махаббат хикаямыз біреуге көмегін тигізіп, жақсылыққа жетелей түсер. Маған бұған дейін жаратушы Азамат секілді адамдарды өзгелердің өмірге деген көзқарасын өзгерту үшін жіберетінін айтқан болатын. Сіздердің де орталарыңызда сондай адамдар бар екеніне сенімдімін. Маған да оны танып білу мен сүю бақыты бұйырды. Мен Азаматтың басқалардан ерекше екенін және бұл өмірге бекерден бекер келмегенін білдім. Ол бізге қоршаған ортаны, жақындарымызды, отбасыны, достарды бағалау керек екенін ұқтырды. Қыздарым әкелерін көріп, оның қандай керемет жан болғанын біліп үлгерді. Азамат олар үшін барлық жағдайды жасауға тырысты. Ол керемет әке болды. Онымен ойнау балаларға қатты ұнайтын. Ол өте көңілді адам еді. Жолдасым балалармен ойнағанда өзі де бала секілді болып кететін. Екеуміз соңғы рет тілдескенде мен оған қыздарымызды жақсы адам етіп тәрбиелеп шығатынымды айттым. Ол болса, маған "ол жағына уайымдамаймын да, саған сенемін" деді. Мен саған берген бұл сертімде міндетті түрде орындаймын дедім" , - деп жазды Әлия Ануарбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін актрисаның жары Азамат 17 қыркүйекте қайтыс болғанын жазған болатынбыз.