Солтүстік Қазақстан облысындағы кезекші сыныптарда жұмыс істеген 24 мұғалімнен коронавирус анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова хабарлады. Оның айтуынша, мұғалімдер ем алып жатыр.
Аталған өңірде екінші тоқсанда 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл өңірдегі барлық білім беру мекемелерінің – 75,7%-ы. Гүлмира Кәрімованың айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап коронавирусқа байланысты 57 кезекші сынып қашықтан оқуға көшірілген. Оның 19-ы қараша айында онлайн форматқа ауыстырылған. «Қазіргі уақытта СҚО-да 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Олар негізінен шағын комплектілі мектептер. Бұдан басқа 1 566 кезекші сынып бар, оларда бастауыш сыныптардың 19 303 оқушысы білім алып жатыр», – дейді. Ал М.Жұмабаев ауданы Успенский орта мектебіндегі шағын орталық пен Аққайың ауданындағы «Балапан» балабақшасы және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 19 кезекші топ, сонымен қатар Уәлиханов ауданындағы 3 мектеп карантинге жабылды. СҚО-дағы мектептерде сақтық шаралары жасалған. КВИ таралмауы үшін маска режимі енгізілген, санитайзерлер бар. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Олардың үзілісі сәйкес келмеуі үшін түрлі уақытқа қойылған. Енді балабақшаларға балаларды қабылдау да сағат 9.00-ге дейін ұзартылды. Бұл бүлдіршіндердің бір-бірімен байланысын барынша азайту мақсатында жасалған.Тұмар МЫРЗА