Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері айтылды
Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері айтылды
739
оқылды

«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Жо­ғары қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төра­ғасы Юрий Пяны қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қор­дың заманауи медициналық бі­лім беру, денсаулық сақтау және ғы­лыми-зерттеу қызметін да­мыту бойынша қабылдаған ша­ра­лары туралы ақпарат берілді. – Қазіргі жағдайда медицина қыз­меткерлеріне үлкен салмақ тү­сіп, зор жауапкершілік ар­ты­лып отыр. Сіз University Medical Center корпоративтік қорының бас­қарма төрағасы қызметіне кі­рістіңіз. Еліміздің жарқын бо­лашағы жолында қызмет ат­қаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз, – деді Елбасы.